Posted in

ЖІБІ ТҮЗУ (АДАМ)

Жөн білетін, есі дұрыс, дені сау адам. ~ Саурыққа қой сен, жас келіншекті қор қылма дейтін жібі түзу бір адам табылмайды. Ә.Шәр. ~ Келініңіздің сақтағанынан дәм татыңыз, – деп жібі түзу адамның сөзін айтқасын, бұл ревизор екенмін деп шалқайып отыра алмады. О.Сәрс. ~ Несі бар, еркек үйден қырық қадам шыққан соң – бойдақ деген бұрынғылар. Қазір тіпті еркіндікке шығатын шығар. Солардың ішіндегі жібі түзу біреуіне жабыссаңшы. C.Досж.