Намысты, ұятты, өз құнын білетін ер жігіт. ~ Жігіт адам қалыңдығына жалғыз аттана ма екен. «Қашып келген күйеу» деп ел күлмей ме? Б.Тоғ. ~ Жігіт адам қайда жүрсе де, өзін – өзі асырайды. Ал балаларды, кемпір-шалды, жетім-жесір әйелдерді кім асырайды? Ә.Әл. ~ Әрине, кешегі заман болса: “Жолы болмаған бір жігітшілігім” деп, ұмыта салар еді жігіт адам. С.Ел.
