Posted in

ЖІГІТІҢ (ӘЙЕЛІҢ) ҚАЙСЫ ДЕСЕ МЫНАУ ДЕГЕНДЕЙ

Көркіне ақылы сай ер жігіт не әйел турасында. ~ Елдің мұнан жаман қыздары да қайдағы бір әдемі, жігітің қайсы десе мынау дейтіндей біреулердің етегінен ұстап кетіп жатыр. Ж.Сәм. ~ Амалың қанша! Көпжасар да жігітің қайсы десе, мынау дегендей азамат еді. Ол өзінің құйға құлайтынын алдын ала аңғармаған шығар сорлы басы… Т.Рыск.~ Көпжасар көп өтпей ұрпақ көрді. Алған келіншегі әп- әдемі қара торының сұлуы болатын. Әйелің қайсы десе мынау дегендей. Т.Рыск.