Posted in

ЖІК-ЖАПАР БОЛДЫ

Біреудің көңілін табам деп асты-үстіне түсті, әлектенді. ~ Е, елге бара жатыр екенсіздер ғой… Қалада Бекболат: «Қонақ боп кетіңіздер! Шақырып келтіре алмайтын адамсыздар!»— деп жік-жапар боп жабысса да, қонақтар атқа қонғанын тәуір көре берді. Ж.Айм. ~ «Ол кiм? Не үшiн оған жақсы келдiңiз» дедi? Оны парықтап жатпай-ақ, төренiң қонағына жақсам, оның өзiне де жағармын дегеннен емес, әншейiн бойға сiңдi қонақ жайлылық әдетпен ғана бейтаныс жолаушыға жiк-жапар болған. К.Сег. ~ Бара-бара шіреніп пəуескеден түспеуге айналады. Ортасында жақсы-жақыбайы бар, жалбағай тонды қазақтар жік-жапар болады. C.Досж. ~ Нұрлан жік-жапар жалынып, жыларман болып жақындай түседі… З.Шаш. ~ Әшейінде үйге қонақ келгенде шай алыңыз деп жік-жаппар болатын апам бүгін үндемей қалыпты. Шай да үнсіз ішілді. Н.Ораз. ~ Мерген қанша жік-жапар болғанмен, бұл келіншек те анау екі ағасы секілді орнынан оңай қозғала қоймап еді … З.Қаб.