Арықтады, күші қайтты, әлден айрылды, дертке шалынды. ~ Содан соң хан, әскердің жүріс қарқынына қарап аттардың жілік майының жұқара бастағанын сезсе, оған да арнайы белгі береді. Т.Әс. ~ Жұт жеті ағайынды болады» демекші, аштықтан жілік майы жұқарған халық арасында жұқпалы аурулар мен індеттер тарап, 3 миллионға жуық адам аштық азабын тартса, соның 1 миллионнан астамы опат болды. С.Шіл. ~ Өткен қыс қытымыр, қыраулы боп, мал қыстан әрең-әрең шықты. Ал қыстан жілік майы үзіліп әрең шыққан малды жазда оңдап бақпаса не болмақ? С.Бақ. ~ Осы жайлауды дұрыс пайдалана білген ер озады. Өйткені жазда семірген мал қысқа төтеп береді, көктемге жілік майы үзілмей кәміл жетеді. С.Бақ.
