Posted in

ЖОҒЫН ЖОҚТАДЫ

Біреудің мүддесін қорғады, сойылын соқты. ~ Кейбір елге үлгі болғандай қызық, шатақ жұмыс қаралғанда, Қызылбике əйелдің жоғын жоқтап, сөзін сөйлеп, қоғам айыптаушысы боп шығатын. Ж.Айм. ~ Біз Қонаевтың жоғын жоқтамадық. Колбинді де танымаймыз. Қазақққа – қазақтан секратар болуға біреу шықпады ма? Не үшін орыстан қойылады? Т.Рыск. ~ Мені бұл қызметке ағайынның жоғын жоқтасын деп қойған жоқ. Ө.Ахм. ~ Шыр еткенде маңдайына бiткен бiр үйiр жылқысы мен жүз қаралы қойы бар бұл кiмнiң арын арлап, кiмнiн жоғын жоқтады? Б.Алд.