Posted in

ЖОҚ-ЖІТІК

Тұрмысы нашар жандар. ~ Адалдық, ақыл жасынан Қозғапты, тыныштық бермепті, Мал түгіл жанға мырза еді, Әр қиынға сермепті. Мұңды, шерлі, жоқ-жітік Аңсап алдын кернепті. Абай. ~ Әйелдер жағы түгелімен Ұлпан жағында болды. — Асыл тегі өзіміз… кедейдің қызы ғой. Жоқ-жітікке жаны ашып тұрады. Кедей Сибанның маңдайына біткен басы осы болар. Ғ.Мүс. ~ Шыңғыс сыртының ен қоныстары, мол адырлары, иен жайлаулары көбінше қаңырап тұр. Сонымен қатар ел ішінде күңірену кеп. Жоқ-жітік, қайыршы көбейіпті. М.Әу.