Posted in

ЖОҚ ІЗДЕДІ

а) Жоғалған малын іздеп жүрген адам туралы. ~ Жүрісіне қарағанда жәй жегжатшылап бара жатқан адамға, не жоқ іздеген жоқшыға ұқсамайды. А.Жұб. ~ Рақым тежемені басты. — Жоқ іздеген біреу болды ғой. Әлгіндей болмай жаңағы жапан кезген жалғыз да келіп жетті. Түйесін шөктіріп жерге түсті. Шоқша сақалды, шапаты бойлы тарамыс бір қара шал. С.Шай.
ә). Өмірлік мақсат, арман сияқты, жан қалауы, рухани құндылыққа ұмтылу хақында. ~ Тылсым сырлы тозаңы едім ғаламның, Тарқамаған базары едім даламның. Табылары, табылмасы беймәлім, Мен де әйтеуір жоқ іздеген адаммын. Х.Ес.