Жанын шығарды, сазайын берді. ~ Бұрын ойнап қалған дағдыны қайда тастаймын? – Дағды-мағдыңды білмеймін. Айтпады деме, енді қылжақтасаң, жоқтауыңды бір-ақ асырам. С.Мұқ. ~ Жерден жік шықты, екі құлағы тік шықты. Сен қайдан келген сұмырайсын. Жоқтауыңды асырайын ба осы! С.Жүн. ~ Бір қойғанда қалпақтай түсірейін бе осы!— деп ұмтылады екіншісі. — Осыдан бар ғой, жоқтауыңды асырмасам бар ғой!.. — Өй, сасық сол, жаныңды зәр түбіне жіберейін бе?!. С.Жүн.
