Posted in

ЖОЛ АШЫҚ (АШЫЛДЫ)

Барар жеріне барады, еш кедергі жоқ д.м. ~ Студияда бірден көзге түсіп, беделге ие болды. Дені сау, табиғат сыйлаған өнері бар сұлу қызға қайда барса да жол ашық екенін еміс – еміс сезіне бастаған. Қ.Жұм. ~ Шекаралық аймақ, жердің түкпірі дегендей. Ал аудан әкіміне қайда барам десе де жол ашық қой… Ә.Асқ. ~ Үш жылдың ішінде Бату әскері Рязань, Владимир, Суздаль, Киевті шауып Батысқа жол ашылды. Қан судай ақты. Жанған қала, жылаған бала. «Шыңғысхан!», «Батухан!», «Сүбітай баһадур!» аттары әлемді түршіктірді. І.Ес.