Posted in

ЖОЛ БАСТАУШЫ (БАСШЫ)

Барар жерге бағыт көрсетіп, елді артынан ертуші. ~ Мен арбакеш, жол бастаушы ағамыз, Тапсырма алған – қора, жайын қараңыз. Кеше айтқан, шопан үйі осы жер, Зырылдатып кәзір жетіп барамыз. С.Наз. ~ Талма түстің шағында, Кездесті алдан кеп мола. Жол бастаушы ақсақал, Көзінде әлі нұры бар. Бастады сөз сұрлана. Ә.Тәж. ~ Жол бастаушы омырауын қымтанып, мойнын ішіне тартты. Үстіндегі қара киімді осы жолға әдейі таңдап кигенге ұқсайды. Ж.Қор. ~ Бетпақтың барлық жолың білесіз бе? — деп сұрады.
— Жүрген жерлер ғой… — дедім күмілжіп. — Ендеше біздің адамдарға жол басшы боласыз. Бетпақта Шалабай деген банда жүр. Ойдан-қырдан қашқан қырық мергенді жинап алыпты. Б.Тоғ.