Әлдебір іске, шараға мүмкіндік берілді, жағдай жасалды. ~ Боранқұлдың сезінуінше, би атаның алдынан кесіп өткен бір күнәнің өтілгені, бір қатеге жол берілгені хақ. Ғ.Біл. ~ Мылтығы мен оғын түгел тапсырса, тұтқыннан сендерді де босатамыз, жаңа келгендердің де аман қалуына жол беріледі. Ғ.Біл. ~ Ашыналар сөйтіп жатыр екен десе илануға болар, бірақ күйеуі мен әйелі арасында мұндай әурешілікке жол беріледі деу — жоға, бұл онша қисыны келіңкіремейтін нәрсе. М. Серв. ~ Бұл қалай, — деп Дмитрий Федорович кенет айқайлап жіберді, — мен жаңсақ естіген жоқпын ба: “Зұлымдыққа жол берілетіндігі былай тұрсын, қайта ол кез келген құдайсызға тіпті қиындықтан құтылудың ең қажетті, ең ақылды амалы болғаны ма!” Ф. Дост.
