~ Жолбике дегенді естіп пе едің? Бұл сөздің төркіні «жезөкше» деген ұғымды береді. Болып жатқан іске араласуға құқығы жоқ әйел затының араласуын «жолбике» деп атайды. Сөздің түп-төркіні – арзан, жеңіл, түкке тұрмайтын деген ұғымдарды да береді. Ж.Баб. ~ Аттандамай тыныш отыр, ана зәулім сарайдан айырыласың. Басыңда үйің, қойныңда байың, баурыңда балаң. Жолдан жабысқан жолбикелермен жағаласып қайтесің. Тағы бір бала тап одан да! – деп қоймайтын. C.Досж. ~ Бұл өмірден сыбағасын адалынан алуға пейілді періште көңілдері шындық пен әділдік әлі де болса осы алаңда, тек оны жолдағы жолбикелер бұрмалап жүр деп сенетін еді. Е.Әл.
