Posted in

ЖОЛ ҚЫСҚАРСЫН

Жолаушы адам серігін әңгімеге тарту үшін айтылатын тілек. ~ Жол қысқарсын дейміз-дағы жоқтан барды құрай кеп, Біз екеуміз Танакөзді мазақтаушы ек былай деп… М.Шах. ~ Аға, ол көп әңгіме. Қонаға дейін таусылмайды. — Айта бер, жол қысқарсын,- деді ойында ештеме жоқ Еспер. Б.Қыд.