Әлдебір араға бөтен біреудің көлденеңнен кіріп кетуі жөнінде. ~ Әрине, біз зиялы қауымға жол ортадан қосылған қара жаяу біреуміз. Сендермен парасат-білім салыстырып, иық теңестіру қайда? Менікі сәті түсе ме деген ниет қой.Талаптанып бақ сынасақ, несі айып? Т.Сәу. ~ Бәйгеге қосатын атты иесі немесе сол рудың иелік ететін бас алқа адамы жетектеп бірден тізімге алдыру керек. Бұлай болғанда жол ортадан ат қосылмайды. Ж.Шәк.
