Жұлдызы оңынан туған, жолы болғыш. ~ Адамның арамы қандай болады екен? — Ұрсаң тоқпақ, кессең пышақ батпайды. Жолы жеңіл. Тасы тауға домалайды. Аттың жемін жеп тұрып, есектің ақырынан да жеркенбейді. Қ.Ысқ. ~ Не дегенмен өзі пысық. Қай-қайдағы жолы жеңіл, жылы-жұмсақ жерлерді тауып алады. Қазіргі кәсібі – мал дайындау. Ұтыры келсе, колхозға экспедитор да бола салады. Б.Тоғ.
