Posted in

ЖОЛЫ ОҢҒАРЫЛДЫ

Сәті болды; ісі оңға басты, бағы жанды. ~ Иә, кадр бөлімінің бастығы. Енді жолымыз оңғарылған шығар. Қызметіңді де шешіп жіберем деген жоқ па, ә? Т.Ахт. ~ Сондай бір ә дегеннен жолың оңғарылып, еңбегің жанып жүре беретін сәтті күндер болады. Ш.Айт. ~ Әттеген-ай, ертең үлкен кісіні көрдіңіз бе деп сұраған кісіге немді айтамын? Ай, жолым еш оңғарылмайды. Д.Дос. ~ Ақбас бүркіттің тұлыбын қабылдау бөлмесіне қойғызған сол генерал-губернатордың содан кейін жолы бір оңғарылмай қойыпты. С.Дос.