Posted in

ЖОЛЫН АШТЫ

Болашағына жол салып берді, бақытын ашты. ~ Не десе де, ол өзінің дарындардың жолын ашып, ақынға деген махаббаты үшін қалтасынан қағылудан тайынбаған адаммен танысқанына қуанышты екенін айтып, оның қолын қысты. О.Уай. ~ Бұл үйлену, Лөляға да үш жақтан өмір жолын ашты: бірінші — «комиссардың балдызы» болғандықтан, енді оны «жатсын» деп ешкім көзге шұқи алмайды … С.Мұқ.