Бөгет жасады, жолында тұрды, кедергі келтірді. ~ Ана жолы да ақ ниетімен Айша қызға таспадайын түйініп- ақ барып еді, көрдің бе, Көбей сұмырай тағы да жолын кесіп өтті. Ә.Асқ. ~ Бұл туралы енді қайтып сөз қозғамайық, шешем де, өзің де ешкімге емексімеңдер. Жорыққа шығарда жолын кескендей болдым-ау деп өкінбе, ондай ырым-жырымды елемейтінімді білесің. Н.Қам. ~ Генерал Кауфманның қарулы қолы Самарқанды басып алуға аттанғанын естіп Сыздық сұлтан қазақ арасынан мың жігіт жинап алып, отаршылдардың жолын кесуге аттанды. С.Ақт. ~ Оған дейін ығып бара жатқан әлгі сең де алдында жолын кеселеп тұрған Барса Келмеске тұмсық тіреуге тиіс-ті. Ә.Нұрп.
