Posted in

ЖОН АРҚАСЫН БЕРДІ

Теріс айналды. ~ Бұл ауыл неміс атаулының бәрін «фашист» деп ойлайтын. Басқа жерлерде қалай болғанын білмеймін, ал осы ауылға қоныстепкен төрт-бес семьяға жесір қатындар ала көзімен қарайтын. Әуелде тіпті жандарына жоламай жүрді. Жақындап келе жатқан немісті көрсе, жон арқасын беріп теріс айналатын. Б.Тоғ. ~ … егер қарсы алдынан жер қақ айрылып, өзі соның жарығына түсіп кетсе, бұған ол тек қуанбаса ренжімеген болар еді, сондықтан сеньорына жедел жон арқасын беріп, жан шыдатпас ашуынан дереу бас сауғалағанды жөн көрді. М.Серв.