Posted in

ЖОНЫН (ЖАЛЫНАН, САУЫРЫН) СИПАТПАДЫ

Жақындатпады, дес бермеді, ырыққа көнбеді, ат-тонын ала қашты. ~ Күріштің арқасында күрмек су ішеді ғой. Азу тісі алты қарыс секратар, кімге жонынан сипатушы еді? Қанат мұны қас-қағымда мұрындықтап, желпілдетіп жетегіне қалай ала қойды екен, е?! Т.Рыск. ~ Солардың бiрi колхоз бухгалтерi Баймұрат қарт едi. Ол бажылдап, тiптi, жалынан сипатпады. Р.Рай. ~ Азып-тозған ауылым, Атқарып өмір дауылын, Көтердіңдер қайыспай, Азаптың та лай ауырын! Азаттық құсы ұстатпай, Сипатпады сауырын. Күні дағы күн емес, Сөзі дағы сөз емес, Кедей менен жарлының! Сүйінбай.