Теріс қарады, арқасын тосты. ~ Мұнда не сыр бар десеңіз, қайыспайтын қажырлы бұтаққа жуантық сабағымен жабысады екен, бұлар желге қырын келмей, жонын беріп, біріне-бірі иін тіресіп, селбесіп берік қабысады екен. Сондықтан олар жеңіл- желпі майыспайды екен. Ж.Айм. ~ … баспана көрмей айдалада жалғыз кезіп, беті көнектей ісіп өлім қалына келгенде, осы Ақан емес пе еді тірі алып қалған. Енді тойғасын жонын бірақ беріп кетпекші ме. С.Жүн. ~ Бура сан, бұқа мойын, түкті қара, Күмбездей көрінеді күпті қара, Борбаңдап жолбарыстай жонын беріп, Майданға бір тізелеп шөкті қара. І.Жанс. ~ Дымды жанарына шалынғанның бірде-бірі жанына жақпайтын тәрізді. Келесі сәтте кемпірі жатқан пеш жаққа жонын беріп тағы бір күңк етті: — Ауырған кісі не әрі, не бері болушы еді! Ж.Нәж. ~ Аттаған адымы керi кете бередi. Қай кезде желге жонын бере, бүк түсiп тыныстап та алады. өзiн-өзi iштей ширатып, қайта қозғалады. П.Дүй.
