Жол нұсқады, ақылын айтты. ~ Қисық-қыңыр соқпақтарды басып, таусылып келіп, тауым шағылғандай есеңгіреген сәтімде сен жөн сілтедің. Қорысқа ұрындырмадың. Қ.Тол. ~ Олар кіреберісте кезіккен қабірхана иесі қыздарының қол сөмкесін ішіндегі пистолетімен қоса беріп тұрып, жағдайды түсіндірген соң соның жөн сілтеуімен Анажарды қабірхана шарбағының сыртында жатқан жерінен тауып алады. Е.Әл. ~ Бірі таңырқай, бірі мүсіркей, бірі жандары аши: «Азамат-ай, аман-сау ел шетіне жеткенің қайырлы болсын», — деседі. Осында Күмісжан деген келіншек бар, бір білсе, сол біледі деп жөн сілтейді. Ш.Бей.
