Posted in

ЖӨНГЕ САЛДЫ

Оң жолға салып, тәрбие берді. ~ Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал. Абай. ~ Міне, түзу жолдан тайған адамзатты жөнге салу мақсатында түрік-моңғол нәсілі осындай глобалистік (қазіргіше «жаһандану») жоспарды күн тәртібіне қойған. Т.Әсем. ~ Не боп қалды? — деп әкем кіріп келді, әжем оны аймалап, арқасынан қағып: — Анау інің көргенсіздеу боп бара жатыр. Жөнге сал туысқаныңды, — деді. Б.Мом. ~ Шетінен қойдай топырлатып түрмеге қамаса, кім екендігін білер еді, тегінде, бұл қара нөпірді сөйтіп анда- санда жөнге салып қоймаса, құдайын ұмыта келе таптап жүре беруі ғажап емес. А.См.