Posted in

ЖӨНГЕ ШАҚЫРДЫ

Тәртіпке салды, өнеге көрсетті, ақыл айтты. ~ Бас- көзге қарамай, істің ақиқатына, анығына бармай, Түнғатарды қаралап жатқан мұғалімдермен айтысқысы келді. Оларды жөнге шақырғысы келді, ұялтып қызартпақ, болды. Ә.Тар. ~ Хакімнің жұмбақ ойлы шығармаларына тереңдеп енген Жабал 2000 жылы «Абайды оқытқанда абай болайық», «Ұлттық философияны ұйықтан кім шығарады?» деген толғамды мақалаларымен абайтануға кездейсоқ келген ғалымсымақтардың тізгінін тартып, жөнге шақырды. Ш.Ор. ~ Лев Толстой байдың баласы – мыңдаған гектар жері бар, жас кезінде тентектеу болған. Софья Андреевна оны жөнге шақырды. Ол өзін төмендету арқылы Левті тәрбиеледі. Ә.Тар.