Posted in

ЖӨНІ КЕЛДІ

Ыңғайы келді, сәті түсті. ~ Арасы Қараменмен тәуір емес, Ыза, кек балаға да ере келді. Олардың екі арасын жақсы білем, Айтуға түсіндіріп жөні келді. “Қыз Жібек”. ~ Анда-санда байдың, бəйбішенің көзі түсіп: «Пəленшеге ол атты неге бердің» дегенде: «Содан қолайлы аттың реті болмады, таң асырып жіберейін деп ем, жылқы өріп кетіп, өзге аттың жөні келмей қап еді» деп жоқтан өзгені сылтау қылып жұбата беруші еді. Ж.Айм.