Мінезі жұмсақ, момын. ~ Ал, тордың ішінде аяғын созып жіберіп, торға арқасын сүйеп, қолы байлаулы Дон Кихот отырды, жуас-қоңыр, момақан түріне қарап, оны тірі адам емес, бейне бір тастан қашап жасалған мүсін бе деп қалуға болатындай-ақ еді. М.Серв. ~ Не сөзінде, не мінезінде, не жүріс-тұрысыңда ешқандай ойнақылық ақынға тән лыпылдап тұратын сезімталдық, сергектік сезілмейтін, әшейін ғана жуас қоңыр, тұйық адамның осынша биік енерге талпындым деген ниетінің өзі мені кәдімгідей ойландырып тастады… Жоқ, мұның қара жаяу болмады… М.Им.
