Беті бүлк етпеді, ұялмады, шімірікпеді. ~ Апырм-ау, мынау масқарашылық! Бұл менің бұрын көрмеген сұмдығым. Бұл менің етіме бірінші тиген таяқ… (Зәуреге оқты көзімен қарап.) Кәпірдің жүз жанбауын!.. Б.Май. ~ Мынау неткен бетпақ еді, жүз жанбайды ғой! — деп абысын-ажын жағасын ұстайды. І.Жан. ~ Бірлі- жарымы қалаға заводқа, фабрикаға, құрылысқа барам дегендей батылсыздау ниет білдірсе оны сіз «жолдастарын алдады», «коллективтен бөлінді»,«опасыз» деуден жүз жанбайсыз. М.Сүн. ~ Құдай сүйер құлқы жоқ. Ытырынып, шапшып тұрады. Байқастап, сақтанғаныңыз лазым. Тіптен теуіп жіберуден де жүз жанбайды. М.Сүн.
