Ұялғаннан қатты қызарып кетті. ~ Жайынбек қана жақтырмай қарады. — Анна Ивановна, күлмеңіз. — Ғафу етіңіз, шыдай алмай кеттім, шынында да ұят болды-ау,— деп, күн шапағы бетіне түскен әйел жүзі оттай жанды. С.Жүн. ~ Мұны да ұра ма? – деп қалғанымда Тіндәй күліп жіберді. Подносқа момы мен бір тарелке турамыш лобы салып, жеңгесі кіріп келді. – “Ілдай қатынын сабай ма” деп сұрайды мына бала! – деп күлді Тіндәй. Келіншек те күліп жіберіп маған қарады. Мен тұқырып алдым, бетім оттай жанды. Қ.Шабд.
