Posted in

ЖҮЗІ (КӨҢІЛІ) ЖАДАУ, КИІМІ ЖАМАУ

Тағдырдан тепкі көрген, тұрмысы нашар, көңілі жүдеу адам туралы. ~ “Мынау қайтеді-ей! Жүзіміз жадау, киіміміз жамау болған соң кіргізгісі келмей ме? Негр мен қытайға дейін қарық боп жатқан дәулетті бізден қызғана ма, о шешеңді!..” деп теуіп кеп жібергем. Т.Сәу. ~ Көңілі жадау, киімі жамау ұрпақтың бір ерекшелігі — оқу-білімге шексіз құштарлығы деуге болар. Р.Өт.