Әлденеге қобалжып, өңі бұзылды, бетінің қаны қашты. ~ Көзін жасқана көтергенде еврейдің өзін сынай қарап тұрғанын көрген бала жүзінің құп-қу боп кеткені мен тұла бойының дір еткенін байқампаз қарт жентльменнің назарынан тыс қалмай, оның көңілін хош еткенін сезді. Ч.Дик. ~ Левин бірақ пайданың “болашақтағы пайда екенін түсіндіре бастаған кезде, Иван жүзі құп-қу болып, түгел тыңдай алмадым-ау деген өкініш білдіре, қайдағы бір шұғыл жұмыстарды да таба қойды. Л.Тол. ~ Сөзін аяқтамай Хакім Әлібекке жалт қарады. Әлібектің түсі құп-қу болып кетті. Х.Ес. ~ …қысқасы ойын болып жатқан жерден он аттам алыста тұрсам да, ойда жоқта ұтылып қалам ба деп, өңім құп-қу болып кетті. О.Бальз.
