Жайдары, ақ пейілді. ~ Тумаса да туғандай ағамыз Сіләмбек мырзаның өзінен бірер жас үлкен, келіншек түскеніне де әжептәуір уақыт өткен, әйтсе де мүшесі бұзылмаған, өңі нұрлы, жүзі ашық, сүйікті зайыбы болып шықты, мені Сал-жігіт деп атайтын. М.Мағ. ~ Ертеңінен бастап, ауылдас ағайындардың кезекпе-кезек шақыруы басталған. Қарымсақ ақсақалдың үйінде болдық. Мен бұрын да бірнеше рет барғам. Әжесі, яғни бәйбішесі жүзі ашық, жақсы кісі. М.Мағ.
