Көңілі шаттанды. ~ — Ту, көрші апаның баласы да келіп үлгеріпті ғой, – деді жүзі бал-бұл жанған Аққағаз. Пай-пай, апамның
айтқаны айдай келді. Ш.Күм. ~ Бозқараған жұпар шашып гүлдеген кезде он беске жаңа толған балғын қыз Мейіргүлдің тұп-
тұнық, әдемі де аялы көз жанары нұрлы ұшқынға толады. Уыз жүзі бал-бұл жанып ақторғын дидары жадырап-жайнап,
әдеттегіден де шаттанып жүреді. М.Айым. ~ Жат жерде күдері үзіліп қалған ұлы ат жалын тартып мініп өзі іздеп
келгенінен байғұс ананың бақыттан жүзі бал-бұл жанып, баласына көзі тоймай қарай береді. C.Досж.
