Шаршаңқы, көңілсіз, қабағы салыңқы. ~ Асан. Сен Қарагөзді жылаған қыз деп шашпауын көтердің, наразылық мұңын да айттың. Жүзі жүдеу, көңілі жадау күйінде жырлап келесің. М.Әу. ~ А с а н . Сен Қаракөзді жылаған қыз деп шашбауын көтердің, наразылық мұңын айттың. Жүзі жүдеу, көңілі жадау күйінде айттың, бұл сөзің екі жүзді қылыштай болды. Екі басы бірдей ыстық темір болды. Бір жағы Қаракөздің қайғысын шығарса, тағы бір жағы Наршаны күйдіріп жатыр. М.Әу. ~ Мұнан кейінгі сахналардағы Сырым мүлде өзгерген, жүзі жүдеу, көңілі жадау. Жаланған ер, жалындаған ақын «оқ тиген жаралы жыртқышқа» ұқсайды. БАҚ.
