Құбылмалы,қуақы, тұроаусыз мінезді адам хақында. ~ Кімге қызмет етсе де итке бәрібір, кейін американдықтардың аяғына жығылған. Жүзі жылмаң, сөзі сырдаң сол неме талай тұтқынды алдап, торға түсірді. М.Қаб. ~ Енді маңайыңыздағы керауыздар келбетіне бір қарап қойыңыз: жүрісі – кердең, кеудесі – менмен, сөзі – келеке, ісінде жоқ береке; сайтанның сапалағындай сырдаң, жүзі жылмаң, тілі қыршаң келеді, екінің біріне білгішсініп ақыл айтады, көпке көсемсіп сөйлейді, көрінгенді күлкі қылғысы келеді. Н.Жүс. ~ Қолында ақша толы барсеткасы жүргенде тым көңілді болатын. Иығы тік, бойы қунақы, жүрісі алшаң, жүзі жылмаң-тұғын. Қалтасының тесігі көрініп, қолынан қызыл барсеткасы кеткелі жыртылған доптай болбырап, иіні түсіп салбырап, елге имене қарайтын боп жүр. Е.Әб.
