Көңілі пәс, қабағы кірбің тартқан. ~ Етектері көлеңдеп шөптердің, уақ бұталардың бастарын судыратып сипай жайпап, барлығы ақырын жамырап сөйлесіп, ақырын сыңқылдасып күлісіп ойнап, қаз-қаз аяндап келе жатқанда Айшаның жүзі солғын еді. С.Сей. ~ … ол шашырап атқан ертеңгі шапақтай емес, әлде осы бейуақ себеп болды ма, әйтеуір есік алдындағы орындық-тасқа отырған ишанның жүзі солғын еді. Х.Ес. ~ Қалың қара шашын шалқайта қайырған, кең маңдайлы, өткір қиғаш көзді, жоғарғы ернінің үстінде бармақ басындай мұрты бар қағілез жігіттің жүзі солғын тартып, өңі оңа бастағаны білініп тұр. Б.Тоғ. ~ Үйіріле бастаған ымырт қараңғылығында әлгінде ғана аппақ боп жарқырап тұрған айдай ақ жүзі біртіндеп солғын тартып, бір түрлі шаршаған, қалжырағандай күйде қала берді. С.Мұр.
