Жүзінен ибалық, имандылық байқалады. ~ Жүзінен иман нұры төгіле отырып, күйеуін балаша аймалап жұбатты. С.Елу. ~ Алдымнан өтіп еді сабақ алып, Жүзінен иман нұры тұрған тамып. Мен жүрмін әуре болып бұ жалғанда, Айырылып сол бәрінен қапы қалып. М.Ж.Көп. ~ Басқа әлем, барлық нұры бүршік жарған, Жүзінен иман тамған тылсым – жалған. Тұнжырап түн түбінен тіл қатпайсың, Сөзінен жұлдыздардың қымсынғаннан. Св.Нұрж.
