Posted in

ЖҮНДЕЙ ТҮТТІ

Ұрып-соқты, сыбады, жәбірледі; жер-жебіріне жетіп ұрысты. ~ Егер осыдан ештеңе дей алмай кетер болсам, былай таман шыққан coң. Жақан мені, сөз жоқ жүндей түтеді. Б.Соқп. ~ Көзінің қарасынан ағы молайып, өзін мінбеден аяусыз сабалап, жүндей түтіп тұрған кезекті керауызға кейде шалт бұрылып, жалт қарағанда оқыс ағараң-ағараң етіп қалады. З.Қаб. ~ Жекелей жүздессең жүндей түтеді, ит қосып айтақтайды. Қ.Жиен. ~ Алдында отырған айыпкердің «иә, солайына» тұшынбады ма, әлде мазақ етіп отыр деп ойлады ма тергеудің аяғына таман Марсельский ұша түрегеліп, жуан жұдырығын үйіріп ақынды жүндей түтіп сабады. Д.Дос. ~ Баспашының өзі қырып кете жаздады. Хиуа әскер шығарса, жүндей түтеді… З.Шүк.