Posted in

ЖҮРЕГІ ДАУАЛАМАДЫ

Батылы бармады, батпады, жасқанды. * Түнгі шаммен жарықтанған бөлмеге кіріп баланың жанына отырған Қайырболды көпке дейін қарауға жүрегі дауаламай басы салбырап отырған да қойған. Т.Әс. * Бахтияр жақындауға жүрегі дауаламай, құрық бойы жерден тамағын кенеп дыбыс берді. Т.Сәук. * Бастапқыда сыйлы көршінің жалғыз қызының жастығынан, сұлулығынан қаймығып, өз ішін ашуға жүрегі дауаламай жүрген жігіт анық, ашық ыңғайды танығасын ғана батыл еткен. Ж.Нәж. * Жаманат хабаршысындай аспан астын құлазытып күңірене ұлиды. Хансұлу енді бұрылып кейін қарауға жүрегі дауаламады. С.Елу.