Жүрегіне ерекше әсер етті, жанын жылытты, көңілі жібіді. ~ Болбыраған жас жүрегі елжіреп, буыны дірілдеп, аяғын басып тұруға шамасы әрең келді. А.Байт. ~ Махамбет ауыр күрсінді. Арыстан ұлдарын жоқтап, ішінен жыламсырады. Жүрегі елжіреп, көкірегі сары сағынышқа толды. Қ.Түм. ~ Байқамасқа қоймадыңыз ғой. «Дударайды» сіздей етіп адамның жан-тәнін елжіретіп орындағанды бірінші рет естідім. Ханшайымның жүрегі жылып кетті. І.Ес. ~ Нұрсұлтанның жұмсақ жымиған жылы жүзі мен орайын тауып айтқан орынды әзіл-қалжыңнан соң Ельциннің касаң тарткан қасқыр жүрегі жіби астады… С.Дос. ~ Бұл сөзге Бекболаттың да жүрегі еріп кетті: досын құшақтап сүйіп алғысы келді, бірақ ондай дағды өмірі болып көрген жоқ қой. Ж.Айм.
