А) Рухтанды, бойына жаңа күш бітті. ~ Шыңғыс, Темір сияқты талай- талай сайып- қырандарды қолыңнан жөнелттің. Сенде талай адамның құмары қанып, қуанғаны да болды, жүрегі жанып, суалғаны да болды. Шәк. ~ Еділ батыр Жайықтан рұқсат сұрап алады, от жүрегі жанады. Қарсы шығып қасқайып, Тоғынға Еділ барады. “Еділ мен Жайық б.”
Ә) Іші өртенді, күйіп-жанды. ~ Бала жоқ болған соң, мен бақытсыз… мен бақытсыз болғанда, Сәрсенбай бақытты ма? Оның жүрегі жанбай ма? Өзінің екі өмірді улаушы екенін ойлап, оның жүрегі жанбай ма? Қартайған күнде өмірді жылытатын от – бала оған керегі жоқ па? Сөз жоқ, мен бақытсыз болсам, Сәрсенбай да бақытсыз. М.Жұм.
