Posted in

ЖҮРЕГІ ЖЫЛЫДЫ (ЖЫЛЫНДЫ)

Көңілі көтерілді, мейірленді, қуанышқа бөленді. ~ Зураның бетіне қадалып еді, оның жүзінде әлдене бір жұмбақ күлкі ойнап тұр екен. Соны көрген соң ғана Балқияның жүрегі жыли қалды. Ә.Әб. ~ Бөкен «Қашан, қай жерде дәм-тұздас болып едіңіз?» деп сұрауға ұялды. Бірақ «Әкең честный адам» дегенге жүрегі жылып та қалды. Д.Әш. ~ Біреуінің кегін алып келеміз, біреуін сағынышпен еске аламыз… Әйел атынан солдаттың жүрегі жылынып, қуатына қуат қосылғандай болады. Ғ.Мүс.