Жиіркенді, құсқысы келді. ~ … ылғи сірескен, сырдаң сұлу сөз, көлгірсіген көсем топшылаулар мен пікірлер бір–бірінің жүрегін май ішкендей кілкітсе де, мақұлдай тыңдап, ырықсыз құптап қажитын жұртты бірден баурап алды. С.См. ~ Сол бір суретті көргеннен кейін Жұмабектің жүрегі май ішкендей кілкіді. Қ.Жиен. ~ Осы суреттің астарында да бір керемет уақиға жатқанын шоласыз сезген Сейілбектің жүрегі май ішкендей қобалжып жүре берді. С.Ом. ~ Арақ ішіп, Андалымен түн жамылып иін тірестіріп жүргені, Ждақайдан таяқ жегені, құрсын… жүрегі май ішкендей айниды… еске түскен сайын. С.Ел.
