Posted in

ЖҮРЕГІ ӨРЕКПІДІ

Қатты қобалжыды, толқыды, көңілі алып-ұшты. ~ Басына «Таңатардың қосы не болды екен?!» деген ой кіргенде, Шоқанның жүрегі өрекпіп, миы айналып кетті. М.Әу. ~ Кешегі қорқыныш бойына қайта оралған Бәйтен жүрегі өрекпіп қоя берді. Т.Әбд.
~ Алып ұшқан белгісіз қуаныштан жүрегі өрекпіп аузына тығылды. Т.Сәу.