Шошынды, тіксінді, елең етті. ~ Гүр- гүр етіп құйрығымен жерді сабалап, оқ жыландай атылып, жолбарыстай жұлып түскелі әзір жатыр. Жалау көз тоқтатып қарап еді, жүрегі селт етті, бойы мұздап сала берді. Ә.Әб.~ Әлгі түсіңді айтатының қайда? – деген Мерген қабағын шытып. Өзі өлгелі жатып, бұған да өлім тілегендей болып сөйлеген әйелінен жүрегі селт еткен. «Жанашырым, жақыным» деп жүрген жаннан дәл мұны күтпеген. Өзі де жалпақ әлемде жалғыз қалғандай, бір түрлі жүдеп, жабырқап қалды. К.Сег. ~ Сондықтан ішінен Дәрменнің тілеуін тілеп, Дәрменді өз балуаны санап отырды. Дәрмен күреске шыққанда, дымын қыспаған, жүрегі селт етпеген, бойы шымырламаған жан болған жоқ шығар. Ж.Айм.
