Posted in

ЖҮРЕГІ ТІТІРКЕНДІ

Әлденеден жаны түршікті, тіксінді. ~ Бірақ есіме түссе әлі күнге жүрегім тітіркенеді. Қан майданда өлімнің небір кереметтерін көріп, ен ортасында жүрдік қой. С.Шай. ~ Енді ол қапелімде жүрегін тітіркентіп, өнебойын бір беймағлұм үрейге билеткен әлгі тосын гүрілді іздеп елегізетінді шығарды. Ә.Кек. ~… суынған жүректер бірін-бірі іздемейді. Ерлі-зайыптылардың жүректері іздемесе, шаңыраққа қауіп. Осыны ойлағанда Анажардың жаны шошып, жүрегі тітіркенді. Е.Әл. ~ Оның үстіне қалың қастың астынан сығырая қарайтын өткір жанары өңменінен өткендей, жон арқасы шымырлады. Бала да болса, бір жайсыз нәрсе еститінін сезгендей қобалжи жүрегі тітіркенді. Ш.Бей.