А) Ашықты, өзегі талды. ~ Нан үшін жұрт не қылмай жатыр. Шұбырып кетіп жатыр, жүрегі үзіліп аштан қырылып жатыр! Әке-шешесі үшін құрбандыққа атап, Дәмеш сияқты қыздар құнсыз бәске сатылып жатыр!.. Б.Май. ~ Жалаң жасықпен жүрсе, әлдеқашан аштан өлер еді. Әйтеуір әбүйір болып, әжесі байғұс тісті бақаланып, қысып-қымтырып жүріп қойдың бір жамбасын сақтаған екен. Күнде сиырға барарда сол майдан ерітіп: «Жүректерің үзіліп кетер», — деп екеуіне екі қасық май ұрттатып жүрді. Күн ұзын соны нәр қылады. Ж.Айм.
Ә). Зәрулік көрді, тарықты. ~ Апырым-ай, апырым-ай, ұялмай, қызармай періштедей қарашығымды аяқты малдан жаман дөңкиген жауызға ұйғардық деп, не беттеріңмен айтып отырсыңдар! Неден қысылдыңдар? Неден жүректерің үзілді? Түсіне кірсе қорқатын ноянға Қамарды барады, мені береді деп ойладыңдар ма? Құдай, көз жас, обал деген нәрсе естеріңде бар ма? Жоқ, малмысыңдар? С.Тор.
