Қорқып қалды, қауіптенді, көңіліне үрей ұялады. ~ Әуелде iлгерi жүремiн, теңiз жағасынан тұрғызылған жаңа қорғаннан бiр- ақ шығамын деп ойлағанымен, дiттеген межесi жақындаған сайын жүрегi шайлыға беретiн секiлдi. М.Әбдіх. ~ Алғашқы алған әйелі енесінің мінезіне шыдамай кетті. Содан Әміртайдың жүрегі шайлығып қалыпты. Б.Тоғ. ~ Сонымен, үшінші күннің кешінде «Мұсақұл соғысы» аяқталды. Аяқтағанда, Құнанбай жеңе алмай, Жігітек болса қарсыласуға, белдесуге әбден жарайтынын көрсетіп аяқтады. Қол қимылы үнемі ем болмайтыны көрінді. Қарсысына шыққан елдің мықты шебінен Құнанбайдың жүрегі шайлығып қалды. М.Әу. ~ Е, сөйт, сөйткенің дұрыс қой! – деп мынау торлы барақтың Құдайы менмін дегендей кір соқыр қотиынсып қалды, бірақ жүрегі шайлықты ма, қайтып маңына жолаған жоқ. Қ.Ысқ. ~ Қарапайым сүйкімді Періштедей көруші ем. Сен де елжіреп хат жазып Мейірімді төгуші ең. Үйленуге бел будық, Жүрек бірақ шайлықты, Апайлары азғырып, Оны менен айнытты. Г.Гейн. ~ …Қарасайдың бес мыңмен қырғыз барғанын, қонтайшының оң қолын ыйығынан шауып түсіргенін – бәрін Жәңгір хан кештеу естіді. Естіді де, ойға кетті. Қырылып жатса да, жеңіліп жатса да,ұрыстан жүрегі шайлықпайтын бұл қалмақ қандай ел? Б.Нұрж.
