Posted in

ЖҮРЕГІН (КӨҢІЛІН) ЖЕҢІЛДЕТТІ

Шер тарқатты. ~ Оның түсінде құшқаны бөтен жан… Шерін тарқатып, жүрегін жеңілдеткені де бөтен жан. Оны бір қиял, түс қана деп білді. Ә.Кек. ~ Екеуі енді балмұздақ жей бастады. Ақылын әлгі азғантай коньяк жеңді ме, әлде жүрегін жеп бара жатқан, іштегі қасіретін дос адамына айтып, көңілін жеңілдеткісі келді. І.Ес.