Сабасына түсті. ~ Бір бала кенет «папалап» дауыстап жіберген. Ойыны ойын, күлкісі күлкі, мәз болып келе жатқан әлгі жолдас оқыс тоқтап, жалт бұрылды. Жүрегін басты. С.Шәй. ~ Қараспанов! — деді ол, сол әлгіндегі жүрегін басқан қалпы. — Он жыл директор болғанда талай ақымақты көріп ем, бірақ сендей ақымақты көрсем көзім шықсын, олла деп айтайын! Ә.Тар. ~ Бір сұмдық болған шығар деп жалма-жан үйге кірсе, Ақтоты жиюлы төсек үстінде етбетінен жатыр. «Е-е, кешегі ашудың жалғасы екен ғой» деп сәл-пәл жүрегін басты. Б.Тоғ.
